Туристік компания басшысы ұсталды

Қажылықты заңсыз ұйымдастырған «Zam Zam Qazaqstan» туристік компаниясының басшысы ұсталды. ІІМ тергеу департаменті қажылық туризмін ұйымдастырудағы алаяқтық факті бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр, - деп хабарлайды, Polisia.kz арнасына сілтеме жасай отырып, Ras.kz ақпараттық сайты. 

Бұған дейін ақпарат құралдарында бір топ қазақстандықтың үлкен қажылық турын сатып алып, кейін, алданғаны туралы мәліметтер жарияланған болатын. Осылайша, құжатсыз тентіреп жүрген отандастарымыздың бейне жазбалары да таратылды. Ақпараттарда Сауд Арабиясының полицейлері Мекке қаласына автобуспен келген азаматтарымыздың құжаттарын тексеру барысында заңсыз құжат тіркелгені, нәтижесінде, 120 адам қамауда қалғаны да айтылды.

Тергеу барысында Сауд Арабиясы мемлекеттік органының ресми сайтына ұқсас, қажылық жасауға берілген виза растайтын жалған сайт құрылғаны анықталған. 

Сот санкциясымен күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі алдын ала тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

фото интернеттен алынды 


Жарнамалық баннер
Бөлісу