Алаш қайраткері Темірбек Жүргеновтің мұралары ұрпаққа өнеге

Мемлекет басшысы Алаш қайраткерлерінің мұраларын қайта қарап, ақтаңдақтар ақиғат ашуды тарихы-ғалымдарға тапсырған болатын. Бүгінде зиялы қауым өкілдері Алаш қайраткері Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығы аясында Қазақстан және Түркі елдері ішінде рухани ынтымақтастық пен бауырлық байланысты нығайту мақсатында іргелі шараларды бастап кетті. Мерейтойлық шаралар бас қосу, конференция көлемінде ғана емес, мемлекет және қоғам қайраткерінің саяси еңбектерін қайта басып, тасада қалған шығармаларын ғылыми айналымға енгізу сынды ауқымды жұмыстармен ерекшелініп отыр. Тау тұлғаның шығармашылығын зерттеп, зерделеп жүрген Алаштанушы – ғалым Бауыржан Иманғалиевтің айтуынша, Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығы аясында бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған еңбектері мен саяси көзқарастары жинақталған шығармаларын топтастыру ісі жүйелі жасалып жатыр. Осы тұрғыда бірнеше кітап, ғылыми еңбектер жарық көрді. Түрксой ұйымының қолдауымен жыл соңына дейін әлі де талай еңбектер жарияланады деп жоспарланып отыр.


Жарнамалық баннер
Бөлісу