Букмекерлер Трампты алғаш рет сайлаудағы фаворит деп атады

Фото ашық дереккөзден

Букмекерлік кеңселер Дональд Трампты алғаш рет АҚШ президенттік сайлауындағы фаворит деп таныды.

Букмекерлік кеңселер Камала Харристің жеңіске жететініне шынымен сенбейді. Олар Дональд Трамп толқымалы штаттарда көбірек жеңеді деп сенеді.

Дональд Трамп президент сайлауына осымен үшінші рет қатысып отыр, букмекерлік кеңселер оның бұл бәсекеде жеңімпаз болатынына бек сенімді.

Олардың пайымдауынша, миллиардер және бұрынғы мемлекет басшысының жеңіске жету ықтималдығы 60 пайыздан асады, Камала Харрис – 40 пайыздан төмен.

Бұған дейін букмекерлік кеңселер ешқашан Трампты президенттік науқандарда фаворит ретінде атамаған болатын.

2020 жылы сайлауға бір күн қалғанда, олар Джо Байденнің жеңіске жету ықтималдығын 60-70%, Трампты 30-40% деңгейінде бағалаған.

Ал төрт жыл бұрын букмекерлік кеңселердің айтуынша, республикашылар үшін жағдай одан да нашар болған. Оның Ақ үйді басқару ықтималдығы шамамен 20% (Хиллари Клинтон – 80%) деп бағаланды. Дегенмен дәл сол сайлауда Трамп жеңіске жетті.

Advertisement
Share Post