Нағанай Бекке - 730 жыл

Жалпы «Нағанай Бек» қоғамдық қорының алғашқы төраға орынбасары ретінде, Нағанай Бектің 730 жылдығына орай тарихтан және атқарылған жұмыстар бойынша естелік жазуды жөн көрдім. 

Тарихымызды ұрпаққа дәріптеп, мақтаныш сезімін тудыратын, рухы қозатын үлкен шаралар жүргізу өте маңызды .Тарихсыз халық жетім, мемлекетіміз әлсіз.Тарихымыз туралы, Мемлекетіміздің өзі , Президентімізден бастап ұлттық идеология ретінде пайдалануды ұсынып отыр. Соның бір айғағы Жошыхан құрған «Алтын орда» мемлекетінің заңды мұрагеріміз деуі , халықаралық конференция ұйымдастырылуы дәлел . Ал, сол «Алтын орда» Мемлекеті Жошы Ұлысынан бері қарай ұлы тарихи тұлғаларды зерттеп Қазақстанның әр облыс орталықтарында есте қаларлықтай жаға жайлар, тарихи музейлер ашу, көше аттарын беру, үлкен белгілер қою арқылы ұрпаққа дәріптеу қажет деп ойлаймын. Біз бұл саланы «Желкілдек батыр», «Перзент парызы» Қоғамдық қор төрағасы ретінде тарихи тұлғаларды жрыққа шығару өз міндетіміз деп сезініп, «Алтын орда» ханы болған Өзбек хан кезеңінен ертерек бастап кеттік. Әрине тарихты зерттеу тарихшылардың жұмысы. Ол жұмысты жазушы-зерттеуші Жарылқап Бейсенбайұлы ағамыздың Өзбекхан заманын зерттеп Қазақтың ішіндегі үлкен бір рудың халық жадында шежіре басы болып келетін Нағанайдың тарихи тұлға ,өмірде болған Өзбек ханның Бектербегі болғанын дәлелдеп берді. Нағанайды 1296 жылы дүниеге келген деп жорамалдайды , себебі 1334 жылы араб жиhангезі Баттута Жошы ұлысын аралаған кезде Нағанайдың қызы , ханның екінші ханымы боп отырған Кебек бегімнің жасы сол шақта жиырмалар шамасында еді дейді. Ал ,қайтыс болған жылын 1360-1361 жылдары деп есептейді. Бұл жерде Нағанайдың Өзбек ханға қайынаталығы мен кейіннен Өзбек ханның қызы Шекербикені өзінің Ақсопы деген баласына алып беруінің аржағында сонау жылдары Салжыдыдайдан Тоқтай ханға туған нағашылығынан басталған екі шаңырақ арасындағы жақын құдандалық үрдістің әрі қарай сүйек жаңғырту дәстүрі бойынша сабақтасқаны айдан анық дейді. Салжыдай ол Нағанайдың атасы . Ал, Нағанайдың арғы тегі кім ? Ол қоңыраттың қай тұқымының ұрпағы деген сауалдарға жауап іздер болсақ. Онда Нағанай Шыңғысханның бәйбішесі Бөртенің туысы екені, Бөртенің әкесі , қоңырат көсемі Дей нояннан тарайтын ұрпаққа жататыны нақты жазылған. Қазақстан мемлекетін құрайтын халықтың ішіндегі ең ірі тайпа қоңыраттың ұлы тарихи тұлғалары сол Шыңғысхан құрған мемлекеттен бастау алып отырғанын көреміз. Яғни, біз сол ұлы мемлекеттердің бір бөлшегіміз деуге құқығымыз бар. Осыған байланысты, 2015 жылы Түркістан қаласында «Алатау батыр» ескерткішінің ашылу салтанатынан кейін берілген астың соңында ,Нағанай би ұрпақтарының басында жүрген беделді азаматтарды жиып , Нағанай бектің тарихи келбетін көтеру туралы ақылдасы жұмыстарын бастап едік.Оған Астанадан келген академик Полат Қазымбетов, жазушы –сатирик Көпен Әмірбек ағаларымыз ,Шымкент қаласынан , Жетісай , Түркістан қалаларынан азаматтар қатысты , мен Қызылордадан арнай осы жұмыстар үшін келіп едім. Түркістан қаласынан бизнесмен ,меценат Базарбай Маұсабеков «Алатау батыр» ескерткіші қасынан өз жерінен Нағанай бек паркіне 3 га жер бөліп беріп еді. Осылайша ұйымдастыру жұмыстарын бастадық .Біз Нағанайдың мүсінін емес , исламға да қарсы келмейтін Стелла –Ескерткіш ретінде орнатайық деп шештік. Стеланның эскизін жасаған Қазақстанға еңбегі сіңген мүсінші Тілеуберді Бинашов ағамыз еді. Біз бұл жұмыстарды жүргізу үшін әр жерде көптеген кездесулер ұйымдастырдық Қызлордада , Шымкент қаласында , Түркістанда. Қызылорда қаласында жиналған жиынға Жетісай қаласынан жеті жүз шақырым жерден ат салыса келген жазушы-журналист Тілеуов Жолбарыс , қоғам қайраткері, Айдархан Үтанов, Шымкеттен қоғам қайраткері ,Парламент депудаты Шалатай Мырзахметов,Астанадан академик Полат Қазымбетов, жазушы –сатирик Көпен Әмірбек, қоғам қайраткері ,Парламент депудаты Керім Пірімқұлов ағаларымыз , тағы басқада көптеген кісілер қатысып еді. Көп өтпей біз Жетісай қаласына бардық Айдархан ағамыз ресторанында екі жүз елудей кісі жиып бізді шақырып күтіп алды , сол жерде «Нағанай бек» қоры құрылып төрағасы Академик Кенже Абдуллаев , төраға орынбасары болып мен Жанарбек Орынбаев сайландым. Шымкент облысына «Алатау батыр» қоғамдық қор төрағасы Әлімхан Абжанов 3 га жерді заңдастырып , үйлестіруші, Түркістан қаласына бизнесмен , ОҚО маслихат депудаты Базарбай Мұсабековті қордың ұйымдастырушысы ретінде сайладық. Осылайша жүйелі жұмысты бастап Нағанай бек құрылысын жүргізуді бизнесмен , меценат Құнанбай Шындаулетов інімізге бердік .Себебі, бұл жігіттер өз қаржыларына «Алпамыс батыр», «Алатау батыр», «Алтый батыр» ескерткіштерін орнатқан қоғам қайраткерлері , ел үшін қызмет жасап жүрген азаматтар еді. Кенже Абдуллаев Астана қаласында мен Қызылорда қаласынан Түркістандағы құрлыс басында жүра алмайтынымыз анық еді. Біз қаржы жағынан ұйымдастыру жұмыстарын жүргіздік. Мен бизнесмендер Байқадам Абласанов, Қайрат Боранбаев, Сапарәлі Такировтан әр қайсысынан бір миллионнан , үш миллион алып құрлыс жұмыстарын жүргізуші Құнанбайға беріп жібердім. Негізі жиылған қаржы түгелдей Құнанбайға беріліп отырды. Осы қаржыны жыю жұмыстары оңай болған жоқ ,екі рет от басыма елдің басында жүрген азаматтарды Астана ,Жетісай, Алматы, Шымкент , Түркістан , Қызылорда қалаларынан қонаққа шақырып ұйымдастыру жұмыстарын жүргіздік, Нағанай бектің Өзбекстан мемлекетінде жатқан кесенесінен топырақ әкелу,зерттеу жұмыстарына ғалымдардан экспедитция ұйымдастыруды, ғылыми зерттеу жұмыстары арқылы шыққан қоңыраттың төрт томдық кітабын ,қарапайым елге түсінікті болу үшін көркем әдебиет түрінде қайта жазып шығаруды осы отырыста келісіп едік. ҚО Маслихат депудаты Жорабек Нұрымбетов, «Құрбан ата» қоғамдық қор төрағасы Үмбет Жүсіпбаев сияқты көптеген ағайынның ұйытқысы болып жүрген азаматтар атсалысып,ағайындардан , жан-жақтан үлкен қаржы жиылды. Осылайша Стелла -ескерткіш тұрғыздық . Стелланың тастары Алматы қаласында қашалып жасалды, тастарды сол жақтан тасып едік. Ол , Стелла-Ескерткішінде Нағанайдың отыз баласы белгісі ретінде отыз ою салынған . Биіктігі он төрт метр Стелланның үстіне «П" әріпі қоңырат таңбасы , үстіне қазақтың белгісі арлан қасқыр, қыран бүркіт, ең жоғарғысына шаңырақ белгісі орнатылған өте керемет архитетктуралық ескерткіш орнатылды. 3 га жерді өте сапалы , арнайы цехта өюлы темір шарбақпен қоршалғанын ,оған елден жиылған өте көп қаржы жұмсалғанын Құнанбай Шындаулетов ініміз айтып еді. 2017 жылы негізі ғалымдардан құралған экспедиция Қоғам қайраткері Керім Пірімқұлов, Академик Полат Қазымбетов, тарих ғылымдарының докторы Жамбыл Артықбаев, тарих ғылымдарының докторы Хазретәлі Тұрсын, Академик Кенже Абдуллаев, Жазушы-зерттеуші Бейсенбайұлы Жарылқасын , тарих ғылымының кандидаты Зікрия Жандарбек Өзбекстанның Беруни қаласындағы Шейх АББАС Уали әули кесенісі қасындағы Нағанай бек кесенесі үйідісінен топрағын алып келіп еді . Нағанай бек монументі ашылуына арналған мәдени шара өтіп ,митингіні академик Құлыбек Ергөбек ағамыз жүргізді. Нағанай бек монументінің ашылуына арналған салтанатты шарада Парламент депутаты , қоғам қайраткері Шалатай Мырзахметов , қоғам қайраткері Жарылқасын Әзретберген, қоғам қайраткері Қыстау Ілесов, Қазақстан халық ақыны Әселхан Қалыбекова, қоғам қайраткері Өстемір Бектөреев құттықтау сөз сөйлеп , игі шараның маңыздылығына тоқталды. Нағанай бек қабірінің топарағын Стелла-ескерткішке қою салтанатында экспедиция мүшелері ортаға шығып сөз алып Нағанай бек туралы мағлұматтар берді . Араға алты жарым ғасыр уақыт салып ,туған еліне табысталатын баба қабірінің топырағын Нағанай бек этнопаркінің құрлысын ұйымдастырушылар қоғам қайраткері Құнанбай Шындаулетов, «Алатау батыр» қоғамдық қор төрағасы Әлімхан Абжанов, «Желкілдек батыр» қоғамдық қор төрағасы мен Жанарбек Орынбаев , қоғам қайраткерлері Базарбай Мұсабеков, Қайрат Боранбаев, Асан Тұрабаев салтанатты түрде қабылдап алдық. Осылайша екі жақтың өкілдері Нағанай бек қабірінің топырағын Стелла түбіне орналастырдық. Түркістан қаласында Яссы мейрамханасына Құрбан ата ұрпағы Икрамхан бауырымыз «Нағанай- бек» ке арнап ас беріп құран бағыштадық. Жалпы экспедициның сәтті жүргізілуне себепкер болған Өзбекстанда үлкен басшылық қызметте болған , Дүние жүзі қазақтары қауымдастығының төраға орынбасары Ибадулла Қалыбеков бауырымыздың еңбегі зор еді. Біз ақылдасқанымыздай Тарих ғылымдарының докторы Хазретәлі Тұрсын бастаған ғалымдардың қатысуымен « Қоңырат тарихы мен шежіресі» деген еңбегі кітап болып басылып шықты , демушісі бизнесмен Құрбан ата ұрпағы Сақтаған ініміз еді. Менің жеке құрылтайшылығымдағы « Алтын бесік Қызылорда» медиа компаниясына тиесілі «Таным мен Тағылым» Республикалық газетте , «Әлем Экология Бизнес» Республикалық журналына Нағанай бек туралы және көптеген тарихи тұлғаларды көлемді мақалалар жариалап отырды. Біз «Нағанай бек» қоғамдық қорының алғашқы төрағасы академик Кенже Абдуллаев, мен төраға орынбасары ретінде бес –алты жыл болды, қор кеңесінің төрт –бес жылда төраға және орынбасары ауысып тұруы келісімі бойынша қызыметімізді өткіздік. «Нағанай бек» қоғамдық қор төрағасы болып Қоғам қайраткері , партия қызметкері болған Сыздықов Қанжігіт ағамыз сайланды. Түркістан қаласы облыс орталығы болып «Нағанай бек» Стелла - ескерткіші тұрған 3 га жерді мемлекет меншігіне алды дегенді естіп , Елдің еңбегі зая кетпесе екен , Қалаға көрік беріп тұратын архитектуралық ескерткіш болып тұруын ,елге қызмет жасауын қадағалап отырсаңыз деп өтініш айтып телефонмен хабарласып едім. Содан кейін, бес жылдай болды денсаулығыма байланысты Астана қаласына қоныс аударып елдегі жаңалықтардан қол үзіп алғанымыз рас. Алайда , Астана қаласындағы Нағанайбек ұрпақтары ақсақалдар кеңеснің мүшесі ретінде, биыл 16 желтоқсанда Пайғамбар жасына толып зейнетке шықсақта , әліде елге қызмет етуден жалықпаймыз. Жоғарыда аты аталған көптеген ағаларым Көпен Әмірбек, Тілеуберді Бинашов, Жарылқасын Әзретберген, Айдархан Үтанов , Әселхан Қалыбекова апамыз өмірден озғанына орай жандары жәннәттә болсын деп дұға тілеймін . «Нағанай бек» бабамыздың рухы бәрімізді қолдап жүрсін . Нағанай бабамыз билік құрып жүргенде ислам дінін мемлекеттік деңгейде бекітіп ,қолдағанын тарихтан білеміз, Нағанай бабамыздың жаны фердауси жәннатынан болсын.


«Желкілдек батыр», «Перзент парызы» Қоғамдық Қорлар төрағасы Жанарбек Айтбайұлы Орынбаев

29.10.26 ж



Бөлісу