«ІnDriver» көліктеріне талаптар күшейеді

Фото: freepik

Биылғы мамыр айында ҚР Көлік және Ішкі істер министліктерімен және «ІnDriver», «Яндекс» такси қосымшаларының басшылығы арасында өзара Меморандум жасалған болатын.

Осы меморандумға сәйкес 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап «ІnDriver» такси қосымшасына басқа мемлекетте тіркелген, басқару құрылғылары оң жақта орналасқан және ҚР Заңнамасын жиі бұзатын автокөліктерге тіркелуге шектеу қойылады, деп хабарлайды Ras.kz порталы Kazinform-ға сілтеме жасап.

«Мұның себебі соңғы кездері жүргізушінің тынығу режимінің бұзылуы, рейс алдында медициналық және механикалық тексеруден өтпеуі, міндетті сақтандырусыз жолаушылар тасымалдауы салдарынан жол апаты көбейді. Олардың елеулі бөлігі «InDriver», «Яндекс» такси жүргізушілерімен орын алуда. Елімізде «InDriver», «Яндекс» такси бағдарламасын мобильді қосымшаға тіркеу арқылы қаншама көлік жолаушылар тасымалдауда. Алайда ол азаматтар ҚР Ұлттық стандартындағы такси тасымалдаушыларына және қызмет көрсететін такси автокөліктеріне қойылатын талаптарына сәйкес келмейтін автокөліктермен жолаушылар тасымалдауда» дейді бұл жөнінде Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек.

Нақтырақ айтқанда, жергілікті атқарушы органға такси қызметін бастағаны жөнінде хабарлама жолдамай, басқару құрылғылары оң жақта орналасқан, пайдалану мерзімі 15 жылдан асатын және автокөлік жүрісі 500 мың шақырымнан асатын, тіпті басқа мемлекетте тіркелген автокөліктермен жолаушылар тасымалданып жүр.

Бұл ретте Жамбыл облысында 14 рейдтік жұмыстары ұйымдастырылып, 128 автокөлік тексерілді. Нәтижесінде 385 хаттама толтырылып, 3,5 млн теңге айыппұл салынды. 

Advertisement
Share Post