Атап айтқанда, Жетісу облысының шығысында солтүстік-шығыстан жел соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейінгі аралыққа жетеді. Ал, Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түнде облыстың солтүстігінде соққан желдің екпіні 23 м/с дейінгі аралықты қамтиды.
Түнде Қызылорда облысының орталығында, шығысында шығыстан батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Абай облысының оңтүстік-батысында, орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с ге жетеді.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с. 25 қаңтардың сағат 20.00-ден 26 қаңтардың сағат 20.00-ге дейін Өскеменде күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ескерту сақталады.
Ақтөбе облысының батысында тұман түседі.
Атырау облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Атырауда түнде және таңертең тұман болады.
Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 18-23 м/с. Қонаевта да көктайғақ болады, шығыстан жел соғады, түндегі екпіні 18-23 м/с құрайды деп күтілуде.
Алматы қаласында көктайғақ болады.
Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде тұман түсуі мүмкін.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында тұман болады деп күтіледі. Ақтауда да түнде және таңертең тұман түседі. Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман болады деп болжанды.