Қызылордада "Мөлдір бұлақ" экологиялық акциясы өтті

Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлайды

"5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау" күніне орай Қызылорда облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы ұйымдастырылды. 

Табиғатты аялау мен су көздерінің тазалығын сақтау мақсатында өткен шара өңірдегі экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға бағытталды.

Акцияға облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, облыстық қоғамдық даму басқармасы, облыстық экология департаменті, «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалы, Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы қызметкерлері және Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері қатысты. Экологиялық шараға 500-ден астам адам жұмылдырылып, тазалық жұмыстарын жүргізуге өз үлестерін қосты.


Акция барысында табиғи су көздері мен жағалау аумақтарында санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 5,5 тоннадан астам тұрмыстық қалдық шығарылды. 

Жалпы, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өңірде санитарлық тазалықты сақтау, абаттандыру жұмыстарын күшейту және қоршаған ортаны қорғау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.

Бөлісу
Ілмектер