Қоғамдық тәртіпті бұзған мас күйдегі жолаушы әуе рейсінен түсірілді

Бұл туралы Polisia.kz сайтында жарияланды

Оқиға Ақтау қаласының әуежайында тіркелді. Әуе компаниясы өкілінің актісі негізінде көліктегі полиция бөлімінің қызметкерлері Ақтау – Алматы бағытындағы рейстен Алматы қаласының 36 жастағы тұрғынын түсірді. Тексеру барысында аталған азаматшаның рейске тіркелу кезінде-ақ алкогольдік масаң күйде болғаны және айналасындағыларға қатысты балағат сөздер айтқаны анықталды. Осы әрекеттері арқылы ол қоғамдық тәртіпті бұзған. Көлік полицейлері құқық бұзушыны полиция бөлмесіне жеткізіп, қоғамдық орында масаң күйде болғаны және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты. Нәтижесінде оған 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Айта кетейік, жыл басынан бері Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері әуе кемелерінде жасалған 48 құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде алкогольдік ішімдік ішу және қоғамдық орындарға мас күйде келуге қатысты 31 дерек, ұсақ бұзақылықтың 8 фактісі, әуе кемесінде темекі шегудің 4 дерегі және өзге де құқық бұзушылықтар тіркелген.


Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/qoghamdyq-tartipti-buzghan-mas-kujdegi-zholaushy-aue-rejsinen-tusirildi/

Бөлісу
Ілмектер