Жоба бойынша 208 шақырым жолды қайта жаңарту, көлік қатынасын жақсарту, қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету, өңірлік және халықаралық сауданы қолдау қарастырылған. Аталмыш жоба аясында қолданыстағы екі жолақты автожолды жаңғыртып, Қызылорда мен Ұлытау облысының орталығы Жезқазған қаласын қосу көзделген. Қайта жаңарту жұмыстарынан кейін жол ІІ техникалық санатқа ауыстырылып, жыл бойы тұрақты қозғалыс қамтамасыз етіліп, жол жүру уақытын 4 сағаттан 2 сағатқа дейін жүріп өтуге болады.
Қазіргі уақытта Ұлытау облысында жол учаскелерінде дайындық жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр: мердігер мекемелер жер жұмыстарын бастап, жол-құрылыс материалдарын әзірлеуде. Сондай-ақ Қызылорда облысында осы жол учаскесін қайта жаңарту жұмыстары атқарылып жатыр. Оны келесі жылы аяқтау жоспарланған.
Қайта жаңарту жобасы жол жүру уақытын қысқартып, жергілікті халыққа көлік саласында қызмет көрсетудің сапасын арттырады. Құрылыс жұмыстары өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, инвестицияны тартуға және жергілікті халықты жұмыспен қамтуда оң әсер етеді.
Жаңа жол жабыны мен заманауи қауіпсіздік жүйесін орнату арқылы жол-көлік оқиғасын азайтып, осы учаскеде жалпы қауіпсіздікті арттыратын болады.
Жұмыстарды 2027 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.