Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ұлан қызметкерін марапаттады

Мемлекет басшысының Маңғыстау облысына іс-сапарының барысында қызметтік борышын орындау кезінде ерекше батылдық танытқан әскери қызметшілерді құрметтеуге арналған салтанатты іс-шараға қатысты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ІІМ Ұлттық ұланның "Батыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты 3502 әскери бөлімінің жедел қамтамасыз ету ротасының 1-взводының аға маманы ефрейтор Нұрғазы Тәшінбековке "Жауынгерлік ерлігі үшін" мемлекеттік наградасын - медалін тапсыру маңызды сәттердің бірі болды. Ол қызметтік жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезінде батылдық, табандылық және кәсібилік танытқаны үшін осы марапатқа ие болды. Марапатты өз қолынан тапсыра отырып, Президент мұндай әскери қызметшілердің Отанға деген адалдығы мен батылдығы жауынгерлік рухты нығайтатынын және үлгі болатынын атап өтті. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қазақстан армиясы ұлттық қауіпсіздік пен тұрақтылықтың кепілі болып қала беретініне сенім білдірді.

- Президенттің қолынан медаль алу — үлкен құрмет пен жауапкершілік. Мен бұл марапатты тек өзіме емес, сонымен қатар құқықтық тәртіп әскерлеріне берілген баға ретінде қабылдаймын. Біз бірге қызмет атқарамыз, тапсырмаларға бірге шығамыз және әрқайсымыз өз еліміздің қауіпсіздігі үшін соңына дейін қызмет етуге дайынбыз, -  деді Нұрғазы Тәшінбеков.

Президент барлық әскери қызметшіге адал қызметі үшін алғыс айтып, зор денсаулық, амандық және алға қойылған міндеттерді орындауда табыс тіледі.


Ақпарат көзі Polisia.kz  

Бөлісу