Н.Сақтағанов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды

Бұл туралы Ақорда.ресми телеграм арнасында жарияланды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрымбет Аманұлы Сақтағанов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды.

Ақпарат үшін: 

Еңбек жолын 1992 жылы Сырдарья ауданы халыққа білім беру бөлімі № 172 орта мектебі қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі болып бастаған.

05.1993-06.1994 жж. Қазақстан Республикасы Қарулы күштері қатарында қызмет етті.

08.1994-03.1995 жж. Қызылорда қалалық білім бөлімі № 9 орта мектебі қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі.

03.1995-04.2001 жж. Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі Қызылорда облыстық кеден басқармасы кедендік қорғау және режим бөлімінің инспекторы, бас инспекторы, бөлім басшысының орынбасары, бөлім басшысы.

01.2001-02.2006 жж. Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі кедендік бақылау комитеті органдарында қызметі, бас сарапшы, төраға көмекшісі, бөлім басшысы

02.2006-09.2007 жж. Қазақстан Республикасы Парламентінде Өкімет өкілділігінің бас эксперті, Қазақстан Республикасының экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі инвестициялық саясат және жоспарлау департаменті бюджеттік инвестицияларды жоспарлау басқармасы сыртқы инвестиция көздерін жоспарлау бөлімі бастығы, министр көмекшісі, министр кеңесшісі.

09.2007-09.2010 жж. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі миграция комитеті төрағасының орынбасары

09.2010-10.2012 жж. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық - ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы.

10.2012-07.2015 жж. Шығыс Қазақстан облыс әкімінің орынбасары.

07.2015-05.2018 жж. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары

05.2018-01.2021 жж. Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының әкімі

01.2021-06.2021 жж. Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімі

02.2022-05.2022 жж. Абай облысы Жарма ауданының әкімі.

05.2022-06.2022 жж. Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының әкімі.

06.2022-09.2023 жж. Қызылорда облысы әкімнің орынбасары.

08.09.2023-16.02.2025жж. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары.

Мемлекет басшысының Жарлығымен 16.02.2025 ж. Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды.

Әкімдіктің ресми сайтынан алынды

Бөлісу