Демалыс күндері Астанада күн құбылмалы болады

"Қазгидромет" 1 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Ras.kz ақпараттық агенттігі

Елордада күн құбылмалы болады. Таңертең және күндіз қар жауады. Бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14 м/с, таңертең және күндіз екпіні 15-18 м/с дейінгі аралықты қамтуы мүмкін. Түнде ауа температурасы -18...-20°C болса, күндіз -0...-2°C шамасында.

Ал, Алматыда да ауа райы құбылмалы, түнде қар жауады. Кей жерлерде тұман түседі. Жолдарда көктайғақ болуы мүмкін. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 2-7 м/с қа жетеді.Түнде температура -7...-9°C, күндіз -4...-6°C аралығын қамтиды.

Шымкентте ауа райы  ашық болады.  Жауын-шашын күтілмейді. Түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 5-10 м/с. Түнде температура -6...-8°C, күндіз +4...+6°C болады.

Ақмола облысында түнде және күндіз қар жауады. Бұрқасын болады, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с жетеді. Температура түнде -18...-23°C, кей аймақтарда -8...-13°C, күндіз -4...+1°C.

Көкшетауда түнде қар жауып, бұрқасын, көктайғақ күтілуде. Желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін. Түнде -11...-13°C, күндіз -1...-3°C.

Алматы облысының таулы аймақтарында қар жауады. Артынан тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болуы мүмкін. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с. аралығын қамтиды. Температура түнде -7...-12°C, таулы аудандарда -15...-20°C, күндіз -2...-7°C, таулы аймақтарда -10...-15°C.

Қонаев қаласында да қар жауып, тұман түседі. Түнде -8...-10°C, күндіз -5...-7°C аралығын қамтиды

Жетісу облысында қар жауып, бұрқасын соғады. Кей жерлерде тұман мен көктайғақ болуы мүмкін. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с, шығыста екпіні 15-20 м/с. Температура түнде -8...-13°C, шығыста және таулы аймақтарда -17...-22°C, күндіз -2...-7°C, шығыста -10...-15°C.

Талдықорғанда түнде қар жауады. Желдің жылдамдығы 5-10 м/с. Түнде -11...-13°C, күндіз -2...-4°C.

Түркістан облысында түнде таулы аудандарда қар жауады, кей жерлерде тұман түседі. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 8-13 м/с. Температура түнде -3...-8°C, солтүстік пен таулы аймақтарда -12°C, күндіз +2...+7°C, солтүстік пен таулы аймақтарда -1°C.

Түркістанда ауа райы ашық, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 5-10 м/с. Түнде -6...-8°C, күндіз +3...+5°C.

Батыс Қазақстан облысында қар мен жаңбыр аралас жауын-шашын күтіледі, көктайғақ, тұман болады. Оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 5-10 м/с. Түнде -0...-5°C, күндіз 0...+5°C.

Оралда да тұман түсіп, жаңбыр мен қар жаууы ықтимал. Түнде -1...-3°C, күндіз 0...+2°C.

Атырау облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, кей жерлерде тұман. Желдің жылдамдығы 6-11 м/с. Температура түнде -0...-5°C, шығыста -8°C, күндіз 0...+5°C, шығыста -3°C.

Атырауда да жауын-шашынсыз, түнде -3...-5°C, күндіз +2...+4°C.

Маңғыстау облысында да ауа райы ашық болады. Түнде температура -2...+3°C, солтүстік-шығыста -7°C, күндіз +5...+10°C, солтүстік-шығыста +2°C 

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында да қар жауып, бұрқасын соғып,  көктайғақ болуы мүмкін. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с, кей жерлерде 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал, - делінген. Ауа температурасы түнде -15...-28°C аралығында, күндіз -2...-18°C аралығында болады.

Кызылорда, Жамбыл облыстарында жауын-шашынсыз күн райы күтілуде.  Кей жерлерде тұман түседі. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с. Температура түнде -2...-7°C, күндіз 0...+5°C аралығын қамтиды.

 Қалың киініп, жылы жүрген абзал

Бөлісу