" ... ҚР Премьер-министрінің хаттамалық тапсырмасына сәйкес Ақтөбе облысындағы шағын жинақты ауыл мектептерін республикамыздың басқа да облыстарына тарату жобасын жүзеге асыруға кірістік. Жобаның мақсаты - қала мен ауыл арасындағы білім сапасындағы алшақтықты азайту, ауыл балаларының сапалы білімге қол жеткізуіне жағдай жасау. Осы жобаның сәтті жүзеге асуына ҚР Оқу-ағарту министрлігі, Қазақстан халқына қоғамдық қоры, Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры, НЗМ, отандық edtech саласындағы компаниялар - Bilim Media Group (BMG), Daryn-Online, Kundelik, RoqED, Aman-Sultan, және Ақтөбе облысының әкімдігі зор ықпал етті. Трансляцияның сапасын қамтамасыз ету үшін Ақтөбе Облысы Білім Басқармасымен бірлескен жұмыс атқарылады, осы орайда Ақтөбе облысының әкімі Askhat Shakharov-тың білім саласы бойынша штаттан тыс кеңесшісі болу ұсынысын қабыл алдым. Туған өлкеміздің одан әрі өркендеуіне, қоғамдық-саяси дамуына өз білімім мен тәжірибем негізінде қызмет ету - мен үшін үлкен мәртебе! " - делінген жазбада.
Естеріңізге сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Ақтөбе облысы Білім басқармасының басшысы қызметтен кетті деген ақпарат тарап, әлеуметтік желіде қызу талқыланған еді.