Футзал: Тарихи жеңіс жолы

Футзалдан Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатының ширек финалына шықты. Ұлттық құрама 1/8 финалда Португалияны 1:2 есебімен жеңіп, әлемдік доданың ширек финалына жолдама алды, - деп хабарлайды «QAZAQSTAN» Ұлттық телеарнасы.

Тартысқа толы кездесудің 11-минутында-ақ Шыңғыс Есенаманов қарсыластардың қақпасына гол салды.


Кейін португалиялықтар есепті теңестіргенімен, Дәурен Тұрсағұлов ұлттық құраманы қайта алға шығарды. Есеп 1:2. Бұған дейін Қазақстан осы жарыстың топтық кезеңінде Испания, Ливия, Жаңа Зеландия құрамаларымен кездескен еді. Енді ширек финалда Аргентина - Хорватия командалары арасындағы ойын жеңімпазымен бақ сынасады.




Жарнамалық баннер
Бөлісу
Оқи отырыңыз