«Қазақмыс» корпорациясы мен жұмысшылар арасындағы келіссөздер жасалды

«Қазақмыс» корпорациясы жұмысшылармен жүргізген келіссөздердің аяқталғанын хабарлайды, - деп жазылған ақпараттық материалда.

Тараптар екі жаққа да тиімді келісімге қол жеткізді. Жұмысшылар бұған дейін ұсынылған шарттармен келісті:

• 13 - ші жалақыға қосымша 30% сыйақы төлеу;

• Тоқсан сайын берілетін сыйақы енгізу;

• 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап жалақыны 8,5%-ға индексациялау.

Өз кезегінде жұмысшылар Оңтүстік Жезқазған кенішінің штаттық жұмысын қалпына келтіруге дайын екендерін жеткізді.

«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы Нұрахмет Нуриев ереуілге қатысқан жұмысшыларға ешқандай шағым жоқ екенін атап өтті.

«Қазақмыс» корпорациясы барлық тарапқа ымыраға келуге бағытталған сындарлы диалог пен күш-жігер үшін алғыс білдіреді.

Компания бұл келісім жұмысшылар мен жұмыс беруші арасындағы серіктестік қатынасты нығайтуға жасалған маңызды қадам екеніне және корпорация кәсіпорындарының одан әрі дамуына ықпал ететініне сенімді.

Share Post
Ілмектер