"... Өздеріңіз жақсы білесіздер, Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен «Ауыл аманаты» бағдарламасы қабылданған болатын. Жоба арқылы кәсіпкерлік пен мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында берілген жеңілдетілген кредиттердің нәтижесінде көптеген күрмеулі сұрақтар оңынан шешіліп жатыр. Аталмыш несиелік пакеттер - жылдық 2,5 % - бен 5 жылға дейін, ал мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін 7 жылға дейін беріледі. Бір ғана мысал, Ақтөбе облысының Байғанин ауданында тұратын Құтым Қасенов есімді 76 жастағы ақсақал ауласынан аумағы 600 шаршы метр болатын жылыжай салып алған. Қазір осы жерден жылына 9 тонна өнім алып отыр. Былай қарасақ, таза табысы - 15 млн.теңгені құрайды. Міне, істің көзін тауып, мүмкіндікті пайдаланғандар үшін бұл керемет жоба.
Бүгінде мемлекеттік бағдарламаның орындалу барысы Үкімет басшысының басты назарында. Жергілікті әкімдер мен тиісті сала жетекшілері бағдарламаның өзектілігі мен жауапкершілігін, стратегиялық тұрғыдағы маңыздылығын түсініп, осы бағытта айтарлықтай жұмыстар атқарып жатыр" - делінген әлеуметтік желідегі жазбада.
«Қазақстанның экономикалық дамуы: ауылды дамыту» тақырыбындағы сұқбатта күн тәртібінде тұрған осы және басқа да өзекті сұрақтар қамтылды. Сұқбатты төмендегі сілтеме арқылы көруге болады.