Бекетаев ұсталды. Келесі кезек кімде?

БАҚ беттерінде бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевтың ұсталғаны туралы ақпараттар жарияланған еді.

Бүгін Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев істің мән-жайына қатысты ақпараттармен бөлісті, - деп хабарлайды Ras.kz порталы. Ә. Шындалиевтың айтуынша, Бекетаевтың үстінен мемлекетке аса ірі көлемде шығын келтіру, қызметтік өкілеттілігін асыра пайдалану бойынша іс қозғалған. Экс – министр үлестес компаниялардың мүдделерін қорғады деген күдікке ілінгені қоғамда ашық талқыланған. Айта кету керек, М. Бекетаев «Ескі Қазақстанның» жілікті кадрларының бірі болатын. «Қаңтар қырғынан» кейін қызметтен кетті. Кейін, Үкімет басшысының кеңесшісі қызметтерін де атқарды.                                      «Ескілерден» кімдер бар? Келесі кезек кімде? Алдағы саяси болжамдарда айтамыз.


Жарнамалық баннер
Бөлісу