Оқиға орнында төтенше жағдайлар министрлігі жұмыс істеп жатыр. Апат орнына жеке құрамнан 52 адам және 11 бірлік техникасы барды. Құтқарушылар шүғыл түрде оқиға орнына барды. Әуе кемесі жанып жатты. Құтқару бөлімшелері өртті сөндіруге кірісті. Қазір зардап шеккендер туралы ақпарат нақтыланып жатыр, алдын ала мәлімет бойынша тірі қалған адамдар бар.
ТЖМ Командалық орталығында жедел штаб құрылды, сенім телефоны: 8/7292/319099.
Әзербайжан тарапының алдын ала ақпараты бойынша бортта 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған.
Фото ашық дереккөздерден