Концертті Түркия Республикасының Алматыдағы Бас консулы Эврен Мюдеррисоглу, өнер қайраткері әрі белгілі пианист Жәния Әубәкірова және өзге де танымал мемлекет қайраткерлері мен қарапайым өнерсүйер қауым тамашалады.
Әуезді әсем әнімен тербеткен түрік әуендері келген қонақтарды еріксіз баурап алды.
Кеште орындалған «Тағы бір Гүлниһал», «Көгершін», «3 вальс», «Ұзақ бір тар жолдамын», «Гүріл симфониясы», Са-на-не», «Devotion Адалдық – Сұлулығың түкке тұрмас», «Жүгіру», «Сары келін», «Үш түрік халық әуені» әндері көпшіліктің жүрегін елітіп, бір сәт ерекше сезімге бөледі.
Концерт аяқталғаннан кейін көрермен орындаушылардың шығармашылығына орындарынан тік тұрып, қайта-қайта ду қол шапалақтап, зор құрмет көрсетті.