21 қазаннан 22 қазанға қараған түні №86 «Шымкент-Астана» пойызында келе жатып, жолаушының толғағы басталған. Сағат 23:30-да күйеуі пойыз қызметкерлерінен шұғыл көмек сұрады.
«Пойыз бастығы Гүлшат Қаракұлова мен жолсерік Анара Адамбаева жедел түрде барлық қажетті шараны қабылдап, жолаушының аман-есен босануына көмектесті. Нәтижесінде, 21 қазан күні сағат 23:55-те қыз бала дүниеге келді», - деп мәлімдеді Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.
Сары-Шаған станциясына жеткенде жедел жәрдем шақырылып, жас ана мен жаңа туған нәресте дәрігерлердің қарауына тапсырылды.
Еске сала кетейік, соңғы 3 жыл ішінде «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарында 14 сәби дүниеге келген.