20 сәуірден бастап Қазақстан Республикасында азаматтық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған маңызды республикалық акция бастау алды. Аталған шараның негізгі мақсаты – заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды азаматтардан ерікті түрде қабылдау арқылы қоғамдық қауіпсіздікті арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және халықтың өмірі мен денсаулығын қорғау. Акция аясында әрбір азамат заңсыз сақталған қаруды еш кедергісіз және құқықтық салдарсыз тапсыра алады. Бұл бастама – мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтатын, жауапкершілік пен қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыратын маңызды қадам. Азаматтардың ерікті түрде қару тапсыруы олардың әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктен толық босатылуына негіз болады. Бұл – заң талаптарын сақтай отырып, қауіпсіз орта қалыптастыруға мүмкіндік беретін тиімді құқықтық тетік. Акция басталғалы бері Абай облысында барлығы 37 қару қабылданды. Оның ішінде 7 – ойық, 29 – тегіс ұңғылы қарулар. Осыған орай, азаматтарды аталған акцияға белсенді қатысуға шақырамыз. Заңсыз сақталған қарудан бас тартып, қоғам қауіпсіздігіне өз үлестеріңізді қосыңыздар. Қауіпсіздік – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз.
Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/abaj-oblysynda-azamattar-politsiyagha-37-qaru-tapsyrdy/



