«Жақында оң шешім болады»: Бас прокуратура Қытайдағы Ақжарқынды қайтарамыз деп сенеді

Фото ашық дереккөзден

Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиевтен журналистер Сенат кулуарында Қытайда сотталып, түрмеде отырған отандасымыз Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі не болып жатқанын сұрады, деп хабарлайды Ras.kz.

«Бұл жұмыс тоқтаған жоқ. Белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Жақында бұл жағдай бойынша оң шешім болып қалады деп сенем. Бұл бағытта жұмыстар оңай емес», – дейді Ғ. Қойгелдиев.

Оның сөзінше, Бас прокуратура Ақжарқын Тұрлыбайды Қытайдан қайтаруға бар күш-жігерін салып жатыр.

Естеріңізге салсақ, Қытай соты 2014 жылы наурызда Гуанчжоу әуежайында Малайзияға ұшқалы тұрған жерінде есірткіге қатысты тұтқындалған Ақжарқын Тұрлыбайды өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кескен. 2016 жылы Гуандунь қаласындағы апелляциялық сот оның өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын өзгерту және істі бірінші сатыдағы соттың қарауына жіберу туралы шешім шығарған.

Advertisement
Share Post