Көктем шағын ауданындағы үйлердің бірінің жанында құқық қорғау қызметкерлері күдікті азаматты тоқтатқан. Тексеру барысында оның қалтасынан белгісіз ақ ұнтақ табылған.
- Біз күдіктіні тоқтатқан кезде ол өзін күмәнді ұстады. Жеке тексеру кезінде ұсталған адамнан ақ түсті ұнтақ тәрізді заты бар 15 орам табылды, - деп атап өтті әскери жасақ бастығы Оңғарсын Ақмұратов.
Ұсталған адамның бұрын бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.
Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Ұлттық ұланның баспасөз қызметі