Үкімет отырысында Премьем-министр Қарағанды облысы, Костенко шахтасында орын алған қайғылы жағдайға қатысты тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктеді, деп хабарлайды Ras.kz порталы PrimeMinister_kz ресурсына сілтеме жасай отырып.
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев қазіргі ахуал туралы баяндады.
«... Шахтадағы жағдай бойынша, медициналық мекемелерде 27 зардап шегуші бақылауда қалуда. Барлық пациенттер тиісті көмекті алуда. Тиісті төлемдер бақыланып, тұрмыстық мәселелері шешіледі. Қаза тапқандардың отбасылары мемлекет тарапынан жасалатын көмектердің барлық түрлері түсіндірілді. Компанияның барлық міндеттері кезең-кезеңімен беріледі»
Костенко шахтасындағы оқиғаға жауапты басшыларды арнайы құрылған комиссия мүшелері анықтайды. Компанияны мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жүргізіліп жатыр деп атап өтті, - Ә. Смайылов