"Қазтелерадиоға" жаңа басшы тағайындалды

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов «Қазтелерадио» АҚ ұжымына жаңа Басқарма төрағасын таныстырды.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов «Қазтелерадио» АҚ ұжымына жаңа Басқарма төрағасын таныстырды, - деп жазылған ведомства таратқан ақпараттық хабарламада. 

Руислам Әбілқанұлы Нұрдәулеттің жоғары заң және экономикалық білімі бар. Қысқаша ақпарат

Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша бітірген (2001 ж.).

Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін «Экономика» мамандығы бойынша аяқтаған (2008 ж.).

Жалпы жұмыс өтілі 21 жылдан асты, оның ішінде телекоммуникация саласында 10 жылдан астам жұмыс істейді. Қызмет істеген жылдарында Руислам Әбілқанұлы Нұрдәулет ҚР Қаржы министрлігінде, «Қазақстан телекоммуникациялары» АҚ (Кателко), «ҚазМұнайГаз» АҚ, «Самұрық-Қазына» АҚ-да жұмыс істеп, мемлекеттік және корпоративтік құрылымдарда басшы лауазымдарды атқарды.

2011 жылдан бастап «Қазтелерадио» АҚ-нда түрлі басшылық лауазымдарда жұмыс істейді, оның ішінде:

Мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл қызметінің бастығы;

Филиалдармен және мемлекеттік органдармен жұмыс департаментінің директоры;

Басқарма төрағасының кеңесшісі;

Мемлекеттік органдармен жұмыс жөніндегі басқарушы директор.

Бөлісу
Ілмектер