Қазселденқорғау: қирау мен зардап шеккендер жоқ

"Қазселденқорғау" мекемесінің мамандары 5 тамызда болған жер сілкінісінен кейін өзен арналарына, гидротехникалық нысандарға, көшкін және сел қаупі бар учаскелерге мониторинг жүргізді, деп хабарлайды, - Ras.kz ақпараттық порталы

Мекеме таратқан ақпаратта, ешқандай зақым анықталған жоқ. Барлық нысан қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Орталыққа зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ делінген.

Бұған дейін ақпарттарда,  сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 5 тамызда, Астана уақытымен 18: 44-те жер сілкінісін тіркеген. Жерасты дүмпулерінің эпицентрі Қырғызстан аумағында орналасқаны анықталған еді.

Мамандардың дерегінше, Қазақстан елдімекендерінде есептік қарқындылық 2 балға жетті.

Дүмпуді Жамбыл, Түркістан облыстарының және Шымкент қаласының тұрғындары сезді. Атап айтқанда, Мерке, Құлан, Тараз, Сарыкемер, Бауыржан Момышұлы, Аса, Түлкібас, Ленгер, Қордай, Манкент, Сайрам, Ақсукент, Шу, Қаратау, Төле би, Қазығұрт, Сарыағаш, Абай және Темірлан елдімекендерінде де байқалған.

Бөлісу