"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы 2025 жылғы 14 сәуірде республикалық маңызы бар KAZ01 «Астана – Қарағанды (айналып өту) – Алматы» автомобиль жолының "Қарағанды -Теміртау" учаскесінің (Астана қаласы бағытында) 193–194 шақырым аралығында жол жамылғысындағы ақауларды жою мақсатында жөндеу жұмыстары жүргізілетінін хабарлайды.
Аталған учаскеде үш жолақты қозғалыс қарастырылған. Берілген рұқсатқа сәйкес жөндеу жұмыстары жүргізілу кезінде көлік қозғалысы бір жолақ арқылы кері бағытпен (реверсивті әдіспен) ұйымдастырылады.
Жүргізушілердің назарына:
- жол қозғалысы ережелеріне сәйкес белгіленген жылдамдық режимін сақтаңыз;
- жолда аса мұқият болыңыз;
- қауіпті маневрлерден және апатты жағдайлар туғызудан абай болыңыз