Қазақстанға Фор Эссозимна Гнассингбе ресми сапармен келеді

Бұл туралы Ras.kz ақпараттық порталы Aqorda ға сілтеме жасап хабарлайды.

Того Республикасының президенті Фор Эссозимна Гнассингбенің Қазақстанға ресми сапармен келуі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен жүзеге асады.

Сапар аясында жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіледі. Келіссөздер барысында екі жақты сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту перспективалары, сондай-ақ Қазақстанның Африка құрлығындағы мемлекеттермен өзара ықпалдастық мәселелері талқыланады деп жоспарланып отыр делінген хабарламада.

Того Республикасының Президенті Фор Эссозимна Гнассингбе Астанаға 27-28 қарашада келеді.

фото Aqorda.kz сайтынан алынды 

Advertisement
Share Post