Шанхайда (Қытай) рапирамен семсерлесуден Гран-при сериясының турнирі өтеді.
Аталған жарыста бес спортшыдан құралған Қазақстан құрамасы бақ сынайды.
Құрамға София Актаева, Ғалым Нұрымов, Алина Гноева, Күлжан Түсіпбекова және Тимофей Семёнов енді.
Турнир 15-17 мамыр аралығында өтеді.



