«Алатау» дәстүрлі өнер театры -ПРЕМЬЕРА!

2026 жылдың 26-27 қыркүйегінде «Алатау» дәстүрлі өнер театрында қазақ руханиятына тың серпін беретін ерекше премьера – «Qorlan» атты тарихи-драмалық қойылымның алғашқы көрсетілімі өтеді.

Бұл – белгілі әнші әрі ақын Естай мен аңызға айналған Қорлан арасындағы кіршіксіз махаббатты сахналық кеңістікке алып шыққан көркем туынды. Алайда қойылым тек бір ғана сүйіспеншілік хикаясын емес, тұтас ұлттың тағдырын, халықтың тарихи жадын, нәзіктік пен қайсарлықтың үйлесімін бейнелейтін күрделі психологиялық драманы ұсынады.

Қорлан – бір адамның аты. Бірақ ол – мыңдаған ананың, жардың, қыздың, халықтың үні. Оның тағдырында аштықтың зары, қуғын-сүргіннің ащы көзі, соғыстың қаралы шері бар. Бірақ ол – сынбаған, жаны жүдесе де, рухы мұқалмаған қазақ әйелінің бейнесі.

Қойылым арқылы бір ғана қыздың махаббаты емес, тұтас ұлттың жүрегі сөйлейді. Қорлан – елдің өткенін еске салып, келешекке үмітпен қарауға үндейтін рухани символ.

Директор: Мақсат Қапалбайұлы Нуралиев

Режиссер: Арухан Заханова

Қоюшы суретші: Қуаныш Батырханов

Костюм суретшісі: Асель Лукпанова

Пластика режиссері: Адлет Таменов

Композиторы: Дидар Исахан


Өтетін орны: «Алатау» дәстүрлі өнер театры

Өтетін уақыты: 26-27 қыркүйек 2026 жыл

Басталуы: 18.30


Ақпараттық-серіктестік қолдау негізінде




Бөлісу