Қазақстан мен Аустрия арасындағы тікелей әуе рейсі қашан ұша бастайды

фото: pixabay.com

Қазақстан мен Аустрия арасындағы тікелей рейс 2025 жылдың көктемінде іске қосылмақ. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Ras.kz.

Қазақстан-Аустрия Іскерлік кеңесінің 9-шы отырысын өткізу кезеңінде ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаев бастаған қазақстандық делегацияның құрамында СКАТ авиакомпаниясының вице-президенті Владимир Сытник пен ҚР Аустриядағы елшілігінің өкілдері Аустрияның туризм жөніндегі мемлекеттік хатшысы Сюзанна Краус-Винклер және Вена әуежайының бас директоры Юлиан Йегермен кездесулері өтті.

Кездесулер барысында Қазақстан мен Аустрия арасында 2025 жылдың көктеміне жоспарланған СКАТ әуекомпаниясының аптасына 2 рет жиілікпен тікелей рейсін ашу, сондай-ақ туризмді дамытуды визалық қолдау мәселелері талқыланды.

Айта кетсек, бұған дейін мәлім болғандай, Қазақстан мен Марокко азаматтары енді елге визасыз кіре алады.

Advertisement
Share Post