"Қазақстан халқына" қорының басшылығы ауысты

"Қазақстан халқына" қоғамдық қорының басшысы ауысқаны туралы Қордың әлеуметтік желідегі парақшасында жазылған, - деп хабарлайды Ras.kz ақпараттық порталы

Қордың Instagram желісіндегі парақшасында жазылғанындай, "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры Қамқоршылық кеңесінің шешімімен  Лаззат Шыңғысбаева "Қазақстан халқына" қоғамдық қорының Басқарма төрайымы болып сайланған.

"Ерен еңбегі үшін"  және "Атамекен" ҰКП құрметті қызметкері" медалдарымен марапатталған. Бұған дейін аталмыш қор Басқарма төрағасының орынбасары қызметінде болған.

Осы жазбада Қамқоршылық кеңес қор қызметкерлері София Айсағалиеваны Басқарма төрағасының орынбасары, Серікбек Елшібековті "Қазақстан халқына" ҚҚ Басқарма мүшесі етіп сайланғаны туралы да ақпарат берілген.

 

Фото және ақпарат Қордың әлеуметтік желідегі парақшасынан

Бөлісу