"QazaqGaz Aimaq" АҚ-ның Қызылорда филиалы тұтынушыларды қосуға техникалық шарттар беру кезінде табиғи монополиялар туралы заңнамада көзделмеген қосымша құжаттарды ұсынуды талап етті, бұл қолданыстағы заңнаманы тікелей бұзу болып табылады.
Қызылорда облысы бойынша Комитет департаментінің іс-әрекеттері, бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалары ҚР Жоғарғы сотын қоса алғанда, барлық сатыдағы соттармен, расталды.
Мамандандырылған ауданаралық соттың қаулысымен филиал табиғи монополиялар туралы заңнаманы бұзғаны үшін кінәлі деп танылды. Филиалға 61,3 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды, ол толық көлемде өтеліп, мемлекеттік бюджетке аударылды.