Бұл туралы шешім Халықаралық федерацияның Фуджейра (БАӘ) қаласында өткен Дүниежүзілік кеңесінде қабылданды.
Қазақстандық делегация әзірлеген жоба халықаралық ұйым тарапынан бірауыздан қолдау тапты.
Еске салайық, бұл турнирді өткізу құқығы үшін 18 ел бақ сынаған болатын.
Келер жылы Алматы қаласында әлемнің ең мықты таеквондошылары жиналады.
Гран-при барысында 2028 жылғы Олимпиада ойындарына жолдамалар сарапқа салынады.
Дереккөз: Федерацияның баспасөз қызметі