Қарағанды облысында жол-көлік оқиғасы орын алды

2024 жылғы 15 қараша сағат 10:00 шамасында республикалық маңызы бар «Астана – Қарағанды – Алматы» автомобиль жолының 1510 шақырымында («Қарағанды-Балқаш» учаскесі, Жұмабек ауылының маңы) қайғылы жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды "Қазавтожол" мекемесі

Алдын ала мәліметтер бойынша Toyota Alphard маркалы автокөлік жүргізушісі Алматыдан Қарағандыға қарай қозғалып келе жатып, жолдан шығып кетіп, көлік жол шетіне аударылған. Жол апаты салдарынан жеті адам (оның ішінде екі бала) қайтыс болды. Тағы бір адам әртүрлі жарақат алып, жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Тексеріс барысында жолдың учаскесі нормативтік талаптарға сай екені анықталды. I-б техникалық санаттағы жолдың әр бағытында екі қозғалыс жолағы бар, жолдың ортасында қоршау орнатылған. Жол жабындысы тегіс, асфальтбетоннан жасалған. Осы учаскеде көріну деңгейі шектелмеген, жүріс бөлігі таза болған. Жол белгілері мен қозғалысты ұйымдастыру әкімшілік полиция басқармасымен келісілген. Оқиға кезінде ауа райы бұлтты, қар түріндегі аздаған жауын-шашын болған.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы марқұмдардың жақындары мен туыстарына көңіл айтады. Жарақат алған жолаушының тезірек сауығып кетуіне тілекшіміз.

Барлық жүргізушілерге жылдамдық режимін сақтауға шақырамыз. Алдын ала ауа райы және жолдың жағдайын ескерулеріңізді сұраймыз делінген бейне хабарламада. 

Advertisement
Share Post