Ресми ақпаратқа қарағанда, 23 қаңтар күні, сағат 10:30-да Екатеринбург-Алматы автожолының қайта жаңарту учаскесінде Балқаштан Қарағанды қаласына көлік қозғалысы ашылған.
"Ауа райының жақсаруына және көліктердің жиналып қалуына байланысты осындай шешім қабылданды. Қарағанды облыстық полиция департаментінің және ҚазАвтоЖол қызметкерлерінің сүйемелдеуімен қозғалыс ұйымдастырылды. Осы учаскенің 1630 шақырымында сағат 12:30-да 19 жеңіл көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алған. Оқиға орнында ТЖМ қызметкерлері және жедел жәрдем қызметі жүйелі жұмыс істеп жатыр. Бұл жол-көлік оқиғасына қатысушылар колонналық қозғалысқа қатыспаған",- делінген ақпаратта.
Ақпаратта жол-көлік оқиғасының алдын ала себептерінің бірі ретінде – жылдамдық режимін және қауіпсіз арақашықты сақтамау деп көрсетілген.