Қасым-Жомарт Тоқаев 18 ақпанда "Қазақмыс" корпорациясының Ұлытау облысындағы кенішінде тау массасының құлауы салдарынан қаза болған жұмысшылардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ras.kz ақпараттық порталы Ақорда.кз сілтеме жасай отырып
Ресми ақпараттағы хабарламада, Мемлекет басшысы Үкіметке төтенше жағдайдың мән-жайын мұқият тексеру жөнінде міндет жүктелгені айтылған. "Салалық ведомстволар мен өңір әкімдігіне марқұмдардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсету туралы тапсырма берілді",- делінген ақпаратта.
Күні кеше Ұлытау облысында кеніште тау-кен массасы опырылып, жеті шахтер үйінді астында қалып кеткендігі хабарланған болатын.