Астаналық команда биыл чемпиондық атаққа қол созуды алдына мақсат етіп отыр. Сондықтан әрбір кездесуде жеңіске жету жолын іздеп келеді. Команда бүгін бас жүлдеге қол созып жүрген «Ақтөбемен» кездесуде де сенімді түрде ойын көрсетті.
Матч барысында Усман Камара 8, Назми Грипши 17-минутта мергендік танытты. Оған ақтөбелік клуб жауап қайыра алған жоқ.
Осылайша «Астана» қарсыласынан 2:0 есебімен түсіп, турнир кестесінде екінші орынға көтерілді. Көш басында 22 ойыннан кейін 41 ұпай жинаған алматылық «Қайрат» келеді. Одан бір ойын кем өткізген «Астананың» 40 ұпайы бар.
Бас жүлде тағдырын алдағы ойындар шешеді. Енді «Қайрат» 2 қарашада өз алаңында «Ордабасыны» қабылдаса, 10 қарашада сырт алаңда «Атыраумен» шеберлік байқасады. Ал «Астана» өз алаңында 31 қазанда «Атырауды», 10 қарашада «Жетісуды» қабылдаса, 3 қарашада сырт алаңда «Тобылмен» ойнайды.
Сондай-ақ 27 қазанда «Қайсар» «Тұранды» 1:0 есебімен жеңсе, «Шахтер» мен «Қызылжар» 1:1 еесбімен тең түсті.
Ал 26 қазанда «Елімай» «Атырауға» 0:1, «Жетісу» «Қайратқа», «Ордабасы» «Жеңіске» 1:2 есебімен жол берді.