Полиция жасөспірімдерге маңызды ескерту жариялады

Алматы полициясы жазғы демалыс күндері қылмыс қаупі туралы ескертеді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

 Жазғы демалыс қарсаңында Алматы полициясы жасөспірімдер мен олардың ата-аналарына маңызды ескертумен жүгінді. Демалыс уақыты қайғылы оқиғаға айналмауы керек. Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев атап өткендей, жаз -  еркіндік, жаңа тәжірибе, мүмкіндіктер.

- Бірақ абай болыңыз! Бүгінгі күні жасөспірімдерге "жеңіл ақша" ұсынылады - мұның артында ауыр қылмыстар, әсіресе есірткіге байланысты болуы мүмкін. Көбінесе қандай да бір байламды біреуге беруді немесе жасыруды сұрайды. Есіңізде болсын: бұл - қылмыс. Ал 16 жастан бастап мұндай әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік туындайды. Бұл сот, соттылық және бүлінген тағдыр. Жаз - тәуекелге баруға себеп емес, керісінше, өсу, спортпен шұғылдану, шығармашылықпен айналысу, ерікті болу. Өзіңізге және достарыңызға қамқорлық жасаңыз. Есірткіге жоқ деңіз!,  - деді Мұрат Жұмабаев.

 

Бөлісу
Ілмектер