Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-министрдің бірінші орынбасары болып қайта тағайындалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Премьер-министрдің бірінші орынбасары лауазымына қайта тағайындалды, деп хабарлайды Ras.kz

Құрылтай сайлауынан кейін мемлекеттің негізгі билік құрылымдарында бірқатар кадрлық өзгеріс жасалған болатын. Дәл қазір Үкімет құрамы қайта жасақталып жатыр. Бұған дейін Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Абайұлы Бектенов Премьер-министр лауазымына тағайындалғаны хабарланған еді. 

Президент Жарлығымен Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасының Вице-президенті болып, бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды. Бұдан бөлек, Аида Балаева Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды. Тағайындаулар әлі де жалғасады. 

Фото Үкіметтен

Бөлісу