Нұрғиса Тілендиевтің жары дүниеден өтті

Бұл туралы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің баспасөз қызметі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды

Дариға Тілендиева 1946 жылы Алматы облысына қарасты Көксу ауданы, бұрынғы Ақтекше ауданында дүниеге келген. 

«Қазақфильм» киностудиясында түсірілген «Алты жасар Алпамыс», «Құлагер», «Ақ машина», «Жамбылдың жастық шағы», «Қоштасқым келмейді» сынды көркем фильмдерге түскен.

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, талантты актриса, күйші, сазгер, Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің жары Дариға Тілендиеваның өмірден озуына байланысты қайғыра көңіл айтамыз. Дариға Тілендиева ұлттық мәдениетіміздің дамуына сүбелі үлес қосқан көрнекті өнер иесі. Ол Халық қаһарманы, күйші-композитор Нұрғиса Тілендиевтің өмірлік жары ғана емес, сазгердің шығармашылық мұрасын сақтап, кейінгі ұрпаққа жеткізген тұлға болды. Оның өнері мен рухани мұрасы қазақ халқының жүрегінде мәңгі сақталады, – деп жазды Құрманғазы оркестрінің ұжымы. 

Бөлісу