Картоп кетті аспандап

Соңғы күндері картоп бағасы ұшты. Жерге түсіруге үкіметтің шамасы жетпей жатыр

Әрине, нарықтық қатынаста мемлекет мұрнын тым тықпауы тиіс. Бірақ, белгілі бір шекте бақылауға алуына болады.

Үкімет осы айда ғана тұрақтандыру қорында картоп жеткілікті екенін айтқан еді. Олай болса, неге қымбаттап кетті? Мәліметтерге қарағанда, Ресейге ағылған, яғни экспорт үлесі артып кеткен. Сонда мемлекеттік реттеу қайда қалды? Ішкі сұранысты барынша қамтамасыз етіп, содан соң артылғанын экспортқа шығару тетіктері бізде әлі әлсіз. Ал, бағаны қолдан ойнатуға шебер-ақ.

Сауда министрлігі картоптың орташа бағасы, еліміз бойынша, 322 теңге дейді. Төменгі жалақысы 85 мың теңгеден аспаған ел үшін бұл арзан баға емес. Күзде Астананың өзінде 100-120 тг тұрған еді. Алдағы бағаны нарық шешеді


Бөлісу