19 мамырда Раисидің тікұшағы басқа екі тікұшақпен бірге Тебриз қаласына бет алған еді. Шетелдік БАҚ таратқан ақпаратқа сәйкес, тікұшақ бортында Жоғарғы Көшбасшының өкілі және Тебриз жұма намазының имамы, Сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиян, Шығыс Әзербайжан губернаторы Малек Рахмати, Президенттік қауіпсіздік бөлімшесінің қолбасшысы генерал Сейед Махди Мусави және басқа да азаматтар болды. Апат орнында болған жергілікті шенеуніктер Раиси мен оның экипажы мерт болғанын растады. Иран Ислам республикасының үкіметі жуық арада тиісті мәлімдеме жасайды.