Хромтау тұрғынының тоңазытқышынан жоғалып кеткен адамның басы табылды

Өткен айда жоғалып кеткен ер адамды іздеу кезінде оның басын Ақтөбе облысы Хромтау қаласының полицейлері тұрғындардың бірінің тоңазытқышынан тапқан.

Бұл туралы Ras.kz HALYQSTAN телеграм арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Тергеу барысында жедел топ өкілдері екі күдіктіні тергеген. Олардың бірінің үйіндегі тоңазытқышта жоғалған адамның басы табылды.

Полиция дененің қалған бөлігін қала сыртынан тапқан.

Қазіргі уақытта Ақтөбе облысы ПД атап өткендей, екі күдіктіге қатысты сот 2 ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шараларын қабылдады.

Іс бойынша барлық сараптамалар тағайындалды, тергеу жалғасып жатыр. 

Advertisement
Share Post