Евгений Глотов Астана әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Ерлан Бекмұрзаевтың басқа жұмысқа ауысуына байланысты елорда әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды. ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша әкімнің орынбасары болып Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің экс-мемлекеттік инспекторы Евгений Глотов тағайындалды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Евгений Глотов   "Қазақстан жастар конгресі" ЗТБ-да бастады. Әр жылдары "Ауыл жастары одағы" ҚБ, "GP group" ЖШС сынды мекемелерде қызметтер атқарған. 

2015 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде бас инспекторы, кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы қызметтерінде болды. 

2016 жылғы қарашадан 2019 жылғы сәуірге дейін Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімінің орынбасары, кейін, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметтерінде болды. 

Фото интернет желісінен алынды 

Advertisement
Share Post