Екібастұз қаласында полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері "Заңсыз келуші" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында тиісті рұқсатсыз еңбек қызметін жүзеге асырған 13 шетел азаматын анықтады. Тексеру М. Жүсіп және М. Әуезов көшелерінің қиылысында орналасқан құрылыс нысанында жүргізілді. Іс-шара барысында шетел азаматтары мән-жайды анықтау және тиісті шаралар қабылдау үшін көші-қон қызметі бөліміне жеткізілді. Аталған тұлғаларға қатысты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік материалдар толтырылды.
Ақпарат көзі: Polisia.kz сайты



