Биыл құрылысы ұзаққа созылған 30 тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтауды жоспарлап отырмыз – Жеңіс Қасымбек

Бұл туралы Елорда басшысы Жеңіс Қасымбек инстаграм парақшасында жариялады деп хабарлайды, Ras.kz ақпараттық порталы.

Әкім жариялаған ақпаратқа қарасақ, «Территория комфорта-1» 2-кезек, «Триумф Сити», «Future home» тұрғын үй кешендеріне 800 ге жуық отбасы қаражат құйған. Ұзаққа созылған бірқатар нысанның құрылыс барысымен танысқанын жазған Жеңіс Қасымбек әрі қарай былай деді:

«Мәселен, «Территория комфорта» тұрғын үй кешенінің құрылысы осыдан 20 жылдай уақыт бұрын басталған. Техникалық тексеру кезінде ғимараттың апатты жағдайда екені анықталды. Тиісінше апатты күйдегі тұрғын үй кешенінің барлық блогын бұзу бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. 2021 жылы «Территория комфорта» ТК бірінші кезегінің құрылысы аяқталып, 100-ден астам үлескер отбасы пәтер кілтін алған. Қалған блоктар бойынша жұмыс жүріп жатыр»

Осыдан 10 жыл бұрын басталып, кейін, сақалды құрылысқа айналған «Триумф Сити» мен «Future home» тұрғын үй кешендерінің тек 4 және 7 қабаты ғана салынған. Биыл құрылысы ұзаққа созылған 30 тұрғын үй кешенін аяқтауды жоспарлап отырмыз деді,  әлеуметтік желідегі парақшасындағы жазбасында Жеңіс Қасымбек 


Жарнамалық баннер
Бөлісу