Бишімбаевтың ісі - қоғам назарында

Елді шулатқан қылмыстық істің ақырғы нүктесі қойылатын күн алыс емес.

Қазіргі таңда қоғамды алаңдатып отырған тақырыптардың бірі – Бишімбаевтың ісі қалай болады екен деген сұрақ. Бұл жерде менің пікірімше, әрине, қылмыстық істі басынан аяғына шейін толық қараған жоқпын. Менің ойым, түсінгенім Қ. Бишімбаев келіншегін жақсы көреді. Соған байланысты оны өлтірейін деген ойы болған жоқ. Тек, ашу нәтижесінде осындай жағдай орын алды. Өзімнің ойым, 10-15 жыл алады деген пікірдемін. Қылмыстық істер процесінде мынадай жайт қолдан өтті. Бір оқиғаны айтайын. Поездың тамбурында жолаушы мен жол серік төбелесіп қалады. Соңы, кісі өліміне алып келеді. Кейін, сот процесінде айыпталушы абайсызда өлтіріп алған деген үкім шығады. Оны өлтірген темір, адам емес. (Темірге басы соғылған) Осы шешім шыққанға дейін бірнеше сатыдағы зерттеулер жүргізілді. Ол жол серік жолаушыны бұрыннан таниды ма? Кездескен бе? Төбелесуге не себеп болды деген. Ақырында, абайсызда өлтіріп алған деген тұжырымға келді. Бұдан бөлек, кезінде тағы бір осыған ұқсас іс болды. Кісі өлімі орын алады. Сот процесі өтеді. Барлық заңдылықтары сақталады. Алайда, Алқабилер соты адам күтпеген шешім шығарады. Сондықтан, қазір нақты бірдеңе айту қиын.

Бауыржан Кішкенебаев, адвокат. Құқық қорғау саласының ардагері 

Жарнамалық баннер
Бөлісу