Айырбастау пункттерінде доллар бағасы айтарлықтай төмендеді

Қазақстанның бірнеше қаласында доллардың теңгеге шаққандағы бағасының төмендегені байқалады.  Сарапшы Құрманәлі Қалмаханның айтуынша, теңгеге шаққандағы АҚШ долларының төмендеуіне себеп болып отырған бірнеше фактор бар. Соның бірі, елдегі макроэкономикалық көрсеткіштердің өзгеруі. Қазір жыл соңында қаржы айналымында айтарлықтай өзгерістер болады. Сондықтан, бұл уақытша құбылыс болуы мүмкін.

27 қараш күнгі сауда қорытындысына қарасақ, доллар бағамы 3, 50 тиынға арзандағанын байқауға болады. Ақша айырбастау орындарындағы доллар алушылар саны да азайған. 1 доллар 463 теңгеден сатылып жатқанынан айтарлықтай үлкен өзгеріс күтудің қажеті жоқ дейді, сарапшы.



Жарнамалық баннер
Бөлісу