Астанада Кенесары көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Осылай деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астанада Кенесары көшесінің Ә.Сембинов көшесінен М.Ғабдуллин көшесіне дейінгі аралығында орташа жол жөндеу жүріп жатыр

Осыған байланысты, 24 сәуір мен 1 мамыр аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.

Бөлісу
Ілмектер